Мейрам Қажыкен: Жолсыз байланыс та, экономика да болмайды

Мейрам Қажыкен: Жолсыз байланыс та, экономика да болмайды

ҚР Президенттігіне үміткер Мейрам Қажыкен Ақтауға барған сапарында порт қызметкерлерісен кездесіп, оларды алаңдатып жүрген мәселелерді талқылады. Сондай мәселенің бірі – қолданыстағы жолдардың сапасының нашарлығы. Президенттікке үміткер Мейрам Қажыкеннің осымәселені де қозғады. «Жолдар-коммуникация, коммуникация – экономика. Жолсыз байланыс та, экономика да болмайды. Ішкі және халықаралық маңызы бар көптеген сапалы жолдарды салу керек. Сапалы жолдар көп инвестицияны қажет етеді. Бірақ қазір құрылыс саласында үнемдеу байқалады. Қазақстанда күрделі жөндеуді қажет ететін жол көп. Ел аралап жүрген адам ретінде оны жақсы білемін», - деді ол. Үміткер сонымен қатар мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру, әйелдердің зейнеткерлік жасын төмендету, ең төменгі жалақыны ашық есептеу, экология, сапалы білім беру және қолжетімді медицина мәселелерін көтерді. Бюджетаралық реттеудің тиімді моделін құру туралы айта келе, кандидат өңірлерде өз мәселелерінің көпшілігін өздері шешуі тиіс екенін айтты. «Олар мұны істей алады. Әкім әкімшілік орталыққа немесе Астанаға барып, мектеп салуға немесе аурухананы жөндеуге ақша сұрамауы керек. Мұндай мәселелер жергілікті жерлерде шешілуі тиіс. Салық ақшасының көп бөлігі аймақта қалғаны жөн», - деп түйіндеді Мейрам Қажыкен.