Әлеуметтік сауалнама: респонденттердің 70%-нан астамы президенттік сайлауға баруға дайын

Әлеуметтік сауалнама: респонденттердің 70%-нан астамы президенттік сайлауға баруға дайын

Биыл 4 – 6 қараша аралығында «Қоғамдық пікір» зерттеу институты социологиялық сауалнама жүргізді. Оның нәтижелері бойынша, сайлаушылардың 2022 жылдың 20 қарашасында өтетін президенттік сайлауға әлеуетті келу деңгейі 71,6% құрайды. Бұл дауыс беруге дайын адамдардың (55,4%) және дауыс беруі мүмкін адамдардың (16,2%) ортақ үлесі. Сауалнаманы жүргізу кезінде әлі ойланып жүрген респонденттердің үлесі 18,3% құрайды, олар өздерінің сайлауға қатысуын «50/50» деп бағалайды. Жауап берген адамдардың 6,1%-ы сайлауға қатыспайтындығын мәлімдеді. Әлі нақты шешім қабылдамағандар – 4%. Кезектен тыс президенттік сайлауда дауыс беруге дайын адамдардың арасында сайлаушылардың 78,8%-ы Қ. Тоқаевтың кандидатурасын қолдауға ниеттерін білдірді. Электоралдық рейтингтің екінші орнында Ж.Дайрабаев тұр – 2,8%. Үшінші орынға дауыстардың 1,8%-мен Н. Әуесбаев ие болды. Төртінші орынды С. Тұрсынбекова және М. Қажыкен бөлуде – екеуінде де 1,6%-дан. Қ. Әбденге жауап бергендердің 0,8% өз дауыстарын беруге дайын. Барлық кандидаттарға қарсы дауыс беретіндер – респонденттердің 3,2%. Сауалнама жүргізілген сәтте сұралғандардың 9,4% әлі таңдау жасамаған. Жалпы алғанда, жауап бергендердің 84,4% 2022 жылдың қараша айында өтетін сайлаудың адал өтетіндігіне сөзсіз (65,2%) не болмаса солай өтуі тиіс (19,2%) деп сенеді. Әрбір оныншысы дерлік (11%) керісінше басқа пікір ұстанады: бұған айтарлықтай сене қоймайды – 6,2%, мүлдем сенбейді – 4,8%. Айтуға қиналады – 4,6%. Сайлаушылар сол не басқа кандидатты таңдаған кезде оның бұл лауазымға сәйкестігін («ең лайықты кандидат»  – 39,6%), өзінің жеке пікірін (сенімін) («мен оған сенемін» – 30,8%), кандидаттың елдегі проблемаларды шешу (15,9%) және азаматтарға лайықты өмір қамтамасыз ету (13,7%) қабілетін ескереді. «Қоғамдық пікір» зерттеу институты социологиялық зерттеуді биыл 4 – 6 қараша аралығында жүргізді. Зерттеу үшін 17 облыстан және Астана, Алматы және Шымкент секілді қалалардан 18 жастан асқан 1200 респондент таңдалды. Зерттеу барысында телефон арқылы сауалнама жүргізу әдісі қолданылды. Ақаулығы ± 4% құрайды. Сауалнама ОСК-ның 30.09.2022 жылғы №ОСК-08-18/1179 хабарламасына сәйкес ОСК-ның ресми рұқсатымен жүргізілді.