Астанада 2 адам 14-қабаттан құлап, біреуі қайтыс болды
Астанада 2 адам 14-қабаттан құлап, біреуі қайтыс болды
© rg62.info
Бүгін Астанадағы көп қабатты тұрғын үй кешендерінің бірінде оқыс оқиға болды, - деп хабарлайды polisia.kz телеграм каналы. Астана полицейлеріне жұмысшылардың жоғарғы қабаттан құлағаны туралы хабарлама түскен. Тұрғын үй кешенінің 14-қабатындағы құрылыс жабдығында тұрған екі жұмысшының жерге құлағаны анықталды. Олардың бірі сол жерде қайтыс болды, ал екіншісі ауруханаға жатқызылды. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.