Алматыда базардағы өрттен 4 кәсіпкер зардап шекті
Алматыда базардағы өрттен 4 кәсіпкер зардап шекті
Алматыда  өрт кезінде 4 кәсіпкердің мүлкі бүлінді. Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы өрттен зардап шеккен бизнеске қор ашуға дайын. Бұл туралы палатаның баспасөз қызметі хабарлайды. Палатаның мәліметінше, базардағы өрт кезінде 4 кәсіпкердің тауарлары бүлінді: жаңажылдық шыршалар, гирляндтар, косметика, 8 наурызға арналған сыйлықтар мен ойыншықтар. Алматы қаласының ӨКП қызметкерлері кәсіпкерлермен үнемі байланыста, залал сомасы белгіленуде. ӨКП директоры Айтуар Қошмамбетовтің айтуынша, өрттің себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болған.
«Егер бизнеске консультациялар, сақтандыру төлемдері, жалға берушілермен келіссөздер жүргізу бойынша қандай да бір көмек қажет болса, мамандарымыз осы жұмысқа қосылуға, қызметкерлердің құқықтарын қорғау бөлігінде құқықтық, қаржылық сипаттағы консультациялар беруге дайын. Қажет болса, біз қаражат жинауға дайынбыз», – деді ол.
11 қараша күні сағат 10:55-те Жетісу ауданында «Турист» ЖШС мен «Саяхат» ЖШС-ға тиесілі қойма үй-жайларынан өрт шықты, өрт 1,5 мың шаршы метр аумақта оқшауланды. Қазіргі уақытта жағдай бақылауда, бейнебақылау камералары арқылы қаланың өзара іс-қимылының барлық күштері оқиға орнына бағытталды.