Жаркентте қызғаншақ жігіт сүйіктісінің үйін өртеп жіберді
Жаркентте қызғаншақ жігіт сүйіктісінің үйін өртеп жіберді
фото: Жетісу облысы ПД
475
оқылды
Жаркентте жас жігіт қызғаныштан сүйіктісінің үйін өртеп жіберді. 8 қараша күні Панфилов АПБ-не 60-жастағы ер адам үйін өртеген белгісіз адамға қатысты шара қолдану туралы арызбен жүгінді. Жәбірленуші алдын ала келтірілген залалды 25 млн теңгеге бағалады.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қасақана өртеп жіберді деген күдікпен 24-жастағы жергілікті тұрғынды анықтады. Белгілі болғандай, күдікті үйде тұратын қызбен таныс. Қыз ер адамның телефон қоңырауларына жауап бермеген, бұл күдіктінің ашуы мен қызғанышын тудырған. Кейіннен ол үйге жасырын кіріп, үйді ішінен өртеп жіберген. Өртті сөндіріп, оның көрші үйлерге таралуына жол бермеу мүмкін болды», - деп хабарлады аудандық полиция бөлімі.
Дерек бойынша ҚР ҚК 202-бабының 2-бөлімінде көзделген «қасақана өртеу» сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Ұсталған күдіктіге қатысты «келуге міндеттеу» процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.