Ауа райына байланысты 13 өңірде ескерту жарияланды
Ауа райына байланысты 13 өңірде ескерту жарияланды
736
оқылды
Еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында қатты қар, 13 қарашада жауын-шашын, облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр, қар күтіледі. Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, 12 қарашада күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, 13 қарашада 15-20, екпіні 23-28 м/с. Астана қаласында 12-14 қарашада жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 25 м/с жетеді. Атырау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман болады. Қарағанды облысының солтүстік жартысында жаяу бұрқасын, жолдарда көктайғақ күтіледі. Тұман түседі. Ұлытау облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Павлодар облысында басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. 12 қарашада Қостанай облысының басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, шығысында қатты жауын-шашын (жылбысқы қар, жаңбыр), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан басым бөлігінде жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр,қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Шымкент қаласында түнде және таңертең кей уақытта тұман түседі.