Түркістандағы игі істер
Түркістандағы игі істер
Түркістан облысы әкі­мі­нің орынбасары Арман Сабитовтың қатысуымен өткен облыстық қоғамдық денсаулық сақтау бас­қар­масының кеңейтілген алқа отырысында өңірдегі осы­нау салада жеткен жетіс­тіктер сөз болды. Бұл ту­ра­лы Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық сақ­тау басқармасының бас­шы­сы Марат Пашимов өз баяндамасында айтып өтті. Кеңейтілген алқа отыры­сында одан бөлек, Түркістан об­лысының санитариялық эпи­демиологиялық бақылау де­партаментінің, ҚР ДСМ Ме­ди­ци­налық және фармацевтика­лық бақылау комитетінің Түр­кістан облысы бойынша депар­таменті қызметтерінің атқарған жұмыстары да тыңдалды. Жи­налыста халықтың денсаулығын нығайту, өмір сүру ұзақтығын ұлғайту, денсаулық сақтау сала­сындағы мемлекеттік бағ­дар­ламалар индикаторларының орындалу барысы, инфекциялық аурулардың алдын алу, өлім-жітімді азайту мәселелері қа­ралды. Ауылдық жерлерде және шалғай елді мекендерде тұратын халыққа консультациялық-диаг­ностикалық қызметтер көр­сету үшін барлық қажетті құрал-жаб­дықтармен жабдықталған 13 жыл­жымалы медициналық ке­шен арқылы дәрігерлік көмек көрсетілуде. Түркістандағы игі істер Мемлекет басшысының 2022 жылғы 14 шілдедегі ҚР Үкі­меттің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жо­басы әзір­леніп бекітілді. Ұлттық жобаға сәйкес, Түркістан облысы бо­йын­ша ауылдық денсаулық сақ­тау саласын жаңғыртуға 49 нысан салу ұсынылып, қолдау тапты. Одан бөлек, 2023 жылға жос­парланған 4 аудандық ауруха­наны (Сайрам, Ордабасы, Са­рыағаш, Жетісай) қайта көпбе­йінді ауданаралық аурухана етіп қайта құру үшін денсаулық сақ­тау желісіне өзгерістер енгізіліп жатыр. Сондай-ақ Сарыағаш ау­данында ІІІ деңгейлі бо­сан­дыру қызметін ұйымдастыру мақ­сатында 240 төсек-орынға ар­налған перинаталдық орталық үшін жобалық-сметалық құжат дайындалып жатыр. Алқа отырысы соңында об­лыс әкімінің орынбасары Ар­ман Сабитов басқарманың қызметіне оң баға беріп, ден­саулық сақтау бағытындағы жұ­мыстарды одан әрі күшейтуді тапсырды.

Түркістан облысы