Полицейлерге жаңа қызметтік көлік тарту етілді
Полицейлерге жаңа қызметтік көлік тарту етілді
Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай Түр­кістан облысы Полиция департаменті жаңа кө­лік­тер­мен толықты. Түркістан қаласындағы тікұшақ алаңында өткен салтанатты шараға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мен Түркістан облыстық Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов пен жеке құрам қызметкерлері қа­тысты. Облыс әкімі тәртіп сақшыларын құттықтады.
– Бүгін өздеріңізбен қуа­нышты сәтте жолығып тұрмыз. Облыстың тәртіп сақшыла­ры­ның автопаркі жаңаруда. Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау орган­да­рының әлеуметтік және мате­риалдық-техникалық базасын нығайтуды тапсырған болатын. Бұл бағытта Түркістан облы­сында нақты жұмыс бар. Қазіргі таңда Түркістан қаласында Полиция департаментіне ар­налған жаңа ғимараттың құры­лысы аяқталуға жақын. Елде тыныштықты сақтауда, Түркіс­танды түлетуде сіздердің де қо­сар үлестеріңіз мол. Сондықтан халыққа одан да сапалы қызмет көрсетулеріңіз үшін Сіздерге су жаңа көліктер тапсырылуда. Жұмыстарыңызға абырой мен сәттілік тілеймін! – деді Дархан Сатыбалды.
Жыл басынан бері Түркістан өңірінің полиция қызметкер­леріне 252 жаңа қызметтік кө­ліктің кілті табысталды. Соның бірқатары бүгінгі салтанатты жиында тәртіп сақшыларына ұсынылды. Атап айтсақ, ҚР ІІМ мен жергілікті әкімдіктің қол­дауымен өңірдің патрульдік по­лиция қызметкерлері – 94, учаскелік полиция инспек­тор­лары – 64, уақытша ұстау изо­ляторы – 12, аудандардың тергеу бөлімі – 17, кезекші бөлімдер – 20 бірлік қызметтік автокө­лік­термен қамтамасыз етілді. Сон­дай-ақ қала, аудандарға авто­бустар мен автозактар үлестіріл­ді. Тәртіп сақшыларына берілген темір тұлпарлар тұтастай за­манауи құралдармен жаб­дық­талған. Дыбыс күшейткіш қон­дырғысы мен рациясы бар. JPS жүйесі арқылы көліктердің қай бағытта жүргені орталықтан ба­қыланады. Салтанатты шарада облыс әкімі Полиция департа­менті бөлімшелерінің материал­дық-техникалық базасын ны­ғайту мақсатында тиімді ша­ралар қабылданғанын атап өтіп, құттықтау сөзін сөйледі. жаңа қызметтік көлік Облыстың бас полицейі М.Қаб­денов полиция қызмет­керлерін материалдық-техни­калық жабдықтау – қылмыстың санын азайтуға септігін тигізе­тінін атап өтті. «Алдағы уақытта Президент пен Ішкі істер ми­нистрінің тапсырмалары мен нұсқауларының сапалы орын­даларына сенім білдіремін. Сер­вистік полицияны жүзеге асы­рып, жұртқа жақын болу мақ­сатындағы жұмыстар одан әрі жанданатын болады», – деп іс-шараны түйіндеді полиция ге­нерал-майоры. Салтанатты рә­сім жаңа техниканың шеруі және жеке құрамның саптық байқауына ұласты.

Н.САЙЛАУҚЫЗЫ, Түркістан облысы