Шығыс Қазақстан облысында ірі мөлшердегі құс ұрлығы ашылды,-деп хабарлайды Polisia.kz. 2020 жылдың 18 ақпанында сағат 09.30 шамасында Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының “102” жедел арнасына құс шаруашылығы кәсіпорнының күзетшісі ұрлық фактісі бойынша жүгінді. Тергеу барысында анықталғандай, 16 ақпанға қараған түні белгісіз тұлғалар құс фабрикасына кіріп, салмағы 320 келі тауық етін жасырын ұрлап, жалпы сомасы 255 000 теңгеден астам қаржыны жымқырып кеткен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында құқық қорғау қызметкерлері полиция кезекші бөліміне бұрын сотталған 22 және 26 жастағы Ұлан ауданының тұрғындарын жеткізді.Кінәсін мойындады. Оқиға орнынан 9 қап тауық еті тәркіленді. Ұлан ауданы ПБ басшысы Нүркен Көпжасаров атап өткендей, қазіргі уақытта осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-баптың 2-тармағы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.