Әлімханұлы мен Бентли жекпе-жегін қайдан және қашан көруге болады?
Әлімханұлы мен Бентли жекпе-жегін қайдан және қашан көруге болады?
Жексенбіде, 13 қарашада таңертең Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) мен ұлыбританиялық Дензел Бентли (17-1-1, 14 КО) арасындағы жекпе-жек өтеді. Олардың жекпе-жегі "Хабар" телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Тікелей эфир Астана уақытымен 08.00-де басталады. Еске салайық, бұған дейін орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 KO) және оның қарсыласы ұлыбританиялық Дензел Бентли (17-1-1, 14 KO) алғаш рет бетпе-бет келіп, көз арбасқан болатын.