Қапшағай тасжолындағы жол апатынан жүк көлігінің жүргізушісі қаза тапты
Қапшағай тасжолындағы жол апатынан жүк көлігінің жүргізушісі қаза тапты
721
оқылды
Алматы облысындағы Қапшағай – Талдықорған тасжолында ауыр жол апаты болып,  жүк көлігінің жүргізушісі қаза тапты. Алматы облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, 11 қарашада сағат 15:15 шамасында 36 жастағы Renault-Premium жүк көлігінің жүргізушісі Алматы-Өскемен тасжолымен оңтүстік бағытта келе жатып, 34 шақырымда арадағы қашықтықты сақтамағандықтан, Volvo көлігімен соқтығысты.
"Оқиға орнында Renault-Premium R-400 жүргізушісі қаза тапты және Volvo маркалы көліктің жүргізушісі мен жолаушысы да зардап шекті. Олар Өтеген батыр ауылының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді", – дейді полициядағылар.
Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК-нің 345-бабы  3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.