Азия чемпионаты: ел қоржынына тағы бір алтын түсті
Азия чемпионаты: ел қоржынына тағы бір алтын түсті
618
оқылды
 Иорданияда өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Асланбек Шымбергенов «алтын» алды. Құрлықтық додада 71 келіде сынға түскен Асланбек Шымбергенов финалда иорданиялық Зеяд Ишайшты жеңді. Осылайша, ол Азия чемпионы атанды. Айта кетсек, бұдан бұрын ел құрамасынан Санжар Тәшкенбай (48 келі) Азия чемпионы атанса, Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмуд Сабырхан (54 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Дулат Бекбауов (67 келі )күміс медальді қанағат тұтты.