Бірқатар өңірде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды
"Қазгидромет" синоптиктері 13,14 және 15 қараша күндері кей өңірлерде тұман мен жауын-шашын, жел күтіледі деп ескерту жасады. 13 қарашада Атырау облысының басым бөлігінде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 23 м/с күтіледі. Ал Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз тау асуларында екпіні 15-20 м/с құрайды. Шымкентте 13 қарашада кей уақытта тұман күтіледі. 14 қарашада Түркістан облысында күндіз басым бөлігінде жаңбыр, таулы аударында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында, орталығында және таулы аудандарында тұман түсуі ықтимал. 13 қарашада Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. 13 қарашада түнде және таңертең Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. 13 қарашада Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с болады. 14-15 қарашада Жамбыл облысында жауын-шашын болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), ал солтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Қостанай қаласында 13 қарашада жауын-шашын, күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын күтіледі.