Қатонқарағайда жолда жүрген аю видеоға түсіп қалды

Қатонқарағайда жолда жүрген аю видеоға түсіп қалды

Шығыс Қазақстан облысындағыҚатонқарағай ауылы маңында жол бойымен келе жатқан аю видеоға түсіп қалды. Видео TikTok-тағы Oskemenlive парақшасында жарияланды. Видеода қоңыр аю қар басқан жолмен кетіп бара жатқаны және оны түсіріп келе жатқан көліктен мүлде үрікпегені көрсетілген. Әлеуметтік желі қолданушылары жануар көмекке мұқтаж деп пайымдаған, өйткені олардың пікірінше, бұл уақытта аю қысқы ұйқыға жатуы керек болған.