Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жектен соң үндеу жасады
Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жектен соң үндеу жасады
WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы қазіргі әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы британдық Дензель Бентлиге қарсы жекпе-жектен соң үндеу жасады.
"Чемпиондарға тура осындай 12 раундқа созылған қиын айқастар да керек. Қарсылас қатты таңғалдырдыи деп айта алмаймын. Оны өте құрметтеймін. Мені зерттеп, үлкен дайындықпен шыққан көрінді.  Бүгін жиналған қауым да, жаттықтырушыларым да, өзім де әлі талай жұмыс атқару керектігін түсіндім. Тыңғылықты дайындалып, бүгінгіден де күшті болып ораламын. Теледидар алдындағы, спорт кешініндегі, жалпы мені қолдаған бүкіл қазақ еліне алғыс айтамын", - деді Жәнібек Әлімханұлы.
Еске сала кетейік, бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы мен Дензель Бентлидің Лас-Вегаста өткен айқасы он екі раундқа жоспарланып, соңына дейін жалғасқан болатын.