Атырауда сатушыны қорқытып, тонап кеткен ер адам ұсталды
Атырауда сатушыны қорқытып, тонап кеткен ер адам ұсталды
493
оқылды
Атырауда дүкен сатушысын тапаншамен қорқытып, тонап кеткен күдікті ұсталды.  Оқиға 12 қараша күні сағат 11.11 шамасында Атырау қаласының «Авангард» шағынауданында орналасқан орман шаруашылығында болған. Күдікті сатушыны тапаншамен қорқытып, 208 000 теңге көлемінде ақшасын алып кеткен. Осы жағдай бойынша жедел басқару орталығына хабарлама түседі. Кезекші 5546 әскери бөлімі жедел мақсаттағы батальоны жауынгерлік қамтамасыз ету ротасының взвод бөлімше командирі, аға сержант Нұрбол Жайлиев өзіне жүктелген міндетін атқаруға кіріседі. Ол MP-65K травматикалық тапаншасымен қаруланған А. есімді күдіктіні аз уақыт ішінде тауып, полиция бөлімінің қызметкерлеріне баяндаған. Полиция кезекшінің көрсеткен мекенжайына барып, күдіктіні ұстайды.