Жер халқының саны 8 миллиардқа жақындады
Жер халқының саны 8 миллиардқа жақындады
272
оқылды
Әлем халқының саны 8 миллиард адамға жақындады. Бұл туралы Worldometers.info статистикалық сайтының онлайн есептегішінің мәліметтерінде көрсетілген. 12 қарашада сағат 11.45-тегі мәлімет бойынша жер бетіндегі халық саны – 7 999 456 070-ден 7 999 456 100-ге дейін жеткен. 2011 жылы әлем халқының саны 7 миллиардқа жетті. Биылғы 15 тамызда Біріккен Ұлттар Ұйымы 15 қарашаға қарай әлем халқының саны 8 миллиардқа жетеді деген болжамын жариялады. Бұған дейін The Wall Street Journal журналисі ғалымдардың болжамдарына сілтеме жасай отырып, Жер халқының саны 10 миллиард адамға жетпеуі мүмкін екенін атап өтті.