Жарылыс құрбандарының арасында қазақстандықтар бар ма? СІМ жауабы
Жарылыс құрбандарының арасында қазақстандықтар бар ма? СІМ жауабы
367
оқылды
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Түркиядағы жарылысқа қатысты пікір білдірді. Төтенше оқиға салдарынан қаза тапқандар мен жараланғандардың ішінде қазақстандықтардың бар-жоғы анықталуда.
«Түркияның құқық қорғау органдарының хабарлауынша, жексенбі, 13 қарашада Ыстанбұлдың туристік орталығында жарылыс болып, оның салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, 4 адам қаза тапты, 38 адам жарақаттанды. Ыстанбұлдағы ҚР Бас консулдығы жарылыс құрбандары арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоқтығы туралы ақпаратты анықтау үшін Түркияның құзыретті органдары мен қала мэриясымен байланыста», – деп жазды СІМ-нен.
Айта кетейік, бұған дейін Ыстанбұлдың орталығындағы жаяу жүргіншілер көшесінде жарылыс болғанын жазған болатынбыз.