Атырауда автобус пен жеңіл көлік соқтығысты
Атырауда автобус пен жеңіл көлік соқтығысты
Фото: ПД-нен алынды
699
оқылды
Атырауда автобус пен жеңіл көлік соқтығысты, зардап шеккендер бар, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Полиция департаментінің хабарлауынша, жол апатына қоғамдық көлік жүргізушісі ережені сақтамауы себеп болған.
«Атырау қаласында 13 қарашада жергілікті уақытпен сағат 15.00 шамасында автобустың 1969 жылғы жүргізушісі екінші деңгейлі жолақта келе жатып, ВАЗ – 2141 маркалы жеңіл көлікке жол бермеген. Салдарынан жолаушысы бар автобус пен жеңіл көлік соқтығысты. Соққының екпінімен қоғамдық көлік электр бағанасына соғылды. Ал, ВАЗ – 2114 көлігінің 24 жастағы жүргізушісі мен 1 жолаушысы әртүрлі дене жарақатын алды. Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен екі адам облыстық ауруханаға жеткізілді» делінген ресми хабарламада.
Полиция жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.