Ыстанбұлдағы жарылыс: күдікті ұсталды
Ыстанбұлдағы жарылыс: күдікті ұсталды
Фото: smotrim.ru
Түркияда жарылыс ұйымдастырды деген күдікті ұсталды. Бұл туралы TRT HABER арнасына сілтеме жасап Aikyn.kz  хабарлайды. Түркияның Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, кеше Ыстанбұлда жарылыс жасаған деген күдіктіні полицейлер ұстады. Әйел банктен шыққаннан кейін 1-2 минуттан соң жарылыс болған. Ұсталған әйел күрд террористік ұйымына мүше болған деген ақпарат таратты. Ыстанбұлдағы жарылыстан 6 адам қаза тауып, 80-нен астам адам жарақат алды. Жарылыс болған аймақта бақылау күшейтілді. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі азаматтарды сақ болуға шақырып, шұғыл көмек керек болған жағдайда хабарласатын телефон нөмірін жариялады. Ыстанбұлдағы Қазақстанның Бас консулдығының байланыс телефоны +90 212 662 53 49.   [caption id="attachment_227108" align="alignnone" width="1200"] width= Фото: СІМ-нен алынды[/caption]