Абай облысында шетелдіктер заңсыз алтын өндірген – видео
Абай облысында шетелдіктер заңсыз алтын өндірген – видео
Фото: видеодан скриншот
2,321
оқылды
Абай облысында алтынды заңсыз өндіргендер ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Polisia.kz-тің айтуынша, алтын кенін өндірген қылмыстық топтың мүшелері ұсталды. Олардың арасында шетелдіктер де бар. ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері Абай облысы Жарма ауданындағы «Еділбай» учаскесінде құрамында алтын бар пайдалы қазбаны заңсыз өндірумен, өңдеумен, жер қойнауын өз бетінше пайдаланумен және заңсыз көші-қонды ұйымдастырумен айналысқан қылмыстық топты ұстады. Бұл факт ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша СДТБТ-да тіркелген.   https://youtu.be/wHKf5ysQhQY Жаңғызтөбе кентінен 30 шақырым жерде құрамында алтын бар кенді қайта өңдеу бойынша 2 заңсыз цех таратылды. 13 алтын іздеуші ұсталды. Оның ішінде 7-уі шетелдік азамат. Іздеу іс-шараларын жүргізу кезінде құрамында 100 тонна алтын бар кен, сондай-ақ 2 килограмнан астам жарылғыш (аммонит) және улы (сынап) заттар, сондай-ақ өндіруге қажетті жабдықтар тәркіленді.    width= Құрамында алтын бар материалды өндіру және қайта өңдеу бойынша «іздеушілер бригадасын» жинаған, заңсыз цехтардың иесі, жергілікті тұрғын, қылмыстық топтың ұйымдастырушысы анықталды.