Ақмолада кәсіпкерлерді бопсалап, дүние-мүлкін тартып алғандар ұсталды – видео  
Ақмолада кәсіпкерлерді бопсалап, дүние-мүлкін тартып алғандар ұсталды – видео  
Фото: polisia.kz
1,419
оқылды
Ішкі істер министрлігі Ақмола облысында кәсіпкерлерден ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Polisia.kz-тің мәліметінше, Ақмоладағы арнайы операция нәтижесінде, ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті бөлімшелерінің қызметкерлері жергілікті кәсіпкерлерден ақша бопсалаған қылмыстық топтың 26-32 жас аралығындағы 6 адамды ұстады. Олар қоқан-лоқы көрсетіп, күш қолданып жергілікті кәсіпкерден 2,5 млн теңге бопсалап, оның Subaru Outback автокөлігін тартып алғаны анықталды. Сондай-ақ бұған дейін де өзге қылмысқа қатысы бар екені белгілі болды. Топ мүшелері қару қолданып, ақша бопсалаған.   https://youtu.be/3y-KWY7YYkE Тінту барысында олардан жәбірленушілерді қорқыту үшін қолданылған есірткі, суық және атыс қаруы тәркіленді. Факті бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабының 2-бөлігімен «Бопсалау» бабымен  сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды. Бұған дейін Абай облысында заңсыз алтын өндірген шетелдіктер туралы жазған болатынбыз.