Елорда басшылары Әлем чемпионатынан жеңiспен оралған пара каратэшілерді жеңісімен құттықтады
Елорда басшылары Әлем чемпионатынан жеңiспен оралған пара каратэшілерді жеңісімен құттықтады
164
оқылды
Елорда басшылары паралимпиадалық жаттықтыру орталығына барып, Әлем чемпионатынан жеңiспен оралған пара каратэшілерді арнайы құттықтап шықты. Бұл жайында Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады. Еліміздің абыройын асқақтатқан жеңімпаздармен Астана қаласы мәслихатының хатшысы Ерлан Ермекұлы, «BI Group» басқарма төрағасының Бизнес-сервис жөніндегі орынбасары, Астана қаласы мәслихатының депутаты Талғат Кожахметов және қалалық спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаевтар жүздесті. Олар сайыстан қос алтын иеленген астаналық Дидар Мұхамеджанов пен Ләззат Жүсіповаға өздері секілді рухты жастардың барын мақтан етеінін жеткізді. Кездесу барысында Ерлан Ермекұлы Астана қаласының спорт саласындағы жетістігі тағы бір үлкен жеңіспен толыққанын және бұл жетістіктің күшті рух пен тынымсыз еңбектің арқасында келгенін айтты. Елорда – Жарқын жеңістеріңізбен құттықтаймын. Сіздердің айқын жеңістеріңіз барша қазақ елінің жеңісі! Біз сіздерді мақтан етеміз! Ата-аналарыңыздың көз қуанышы болып, осындай жетістіктеріңізбен қуанта беріңіздер. Осы тұрғыда спортшылардың айтулы жарыста алтыннан алқа тағынып, жеңіс тұғырынан көрінуіне, спортқа баулыған жаттықтырушыларының еңбегі де өлшеусіз. Еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер!» – деді Астана қаласы мәслихатының хатшысы Ерлан Ермекұлы. Мәслихат депутаты Талғат Қожахметов спортшы Дидар Мұхамеджановты әлем чемпионы атануымен құттықтап, арнайы спорттық арбаны сыйға тартты. «Баршаңызға зор ризашылығымды білдіремін. Талғат Тімкенұлы  спорттық арбаны сыйға тарту еткеніне шексіз ризамын. Қуанышымда шек жоқ. Алдағы уақытта сенімдеріңізді ақтап, биік белестерден көрінуге бар күш-жігерімді саламын», – деді әлем чемпионы Дидар Мұхамеджанов. Елорда Кездесу барысында қала басшылар паралимпиадалық жаттықтыру орталығын аралап, спортшылармен тілдесіп, алдағы желтоқсан айында Ташкентте өтетін пара каратэден Азия Чемпионатында ел намысын қорғайтын спортшыларға сәттілік тіледі. Еске салсақ, өткенде яғни, 25 мен 30 қазан аралығында Италияның Бергамо қаласында әлемнің 16 елінен спортшылар қатысқпн пара-каратэден әлем чемпионаты өткен. Сол сайыстан астаналық пара каратэ шеберлері  топ жарған болатын.