Астанада 2 мыңнан астам адам қар күреп, жолдарды тазалап жатыр
Астанада 2 мыңнан астам адам қар күреп, жолдарды тазалап жатыр
729
оқылды
Астанада қар күреуге екі мыңнан астам жол жұмысшысы жұмылдырылды. Бұл жайында Астана қаласы әкімдігінің сайты хабарлады. Осыдан-ақ толассыз жауған қарды күрейтін коммуналдық сала қызметкерлерінің жұмысы көбейгенін байқауға болады. Астана Қазір қаланың коммуналдық қызметтерінің жұмысы күшейтіліп, тәулік бойы үзіліссіз жұмыс істейтін режимге көшті. Дүйсенбі, яғни 14 қарашада қар күреуге мыңға жуық арнайы техника мен екі мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылды. Астана 13 қарашадан 14-іне қараған түні елордадан арнайы полигондарға шамамен 3,5 мың текше метр қар шығарылды. Бұл дегеніміз – 276 рейс. Қар жауғалы барлығы 2 815 ауыр жүк көлігі қала көшелерінен қар полигонына 36 мың текше метрден астам қар тасыды. Ал бүгін елорданы қар мен мұздан тазартуға 2 300 жол жұмысшысы мен 1 мыңға жуық арнайы техника шықты.