Нұр-Сұлтанның іргесіндегі Қоянды ауылында қаңғыбас иттер 8 жастағы баланы талап тастады
Нұр-Сұлтанның іргесіндегі Қоянды ауылында қаңғыбас иттер 8 жастағы баланы талап тастады
507
оқылды
Қоянды ауылында қаңғыбас иттер көбейген, – деп хабарлайды AstanaTV. Телеарнаның хабарлауынша, 8 жастағы мектеп оқушысына 6 ит жабылып, сау-тамтығын қалдырмады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ауылда аш жүрген иттердің адамды талауы бірінші рет емес. Елдімекенде 3 ауысымда оқитын жалғыз мектеп бар. Кеш қайтқан оқушылардың бірін бұған дейінде ит қапқан. Ауыл тұрғыны Бақытгүл Мағырапат: «Көршімнің баласы құтқарып қалды, әйтпесе, біз білмейтін едік. Бір аяқ, бір қолы жансыз үйге келді. Кейін әкімшілікке өтініш бердім. Олар бізге ит ататындар бөлек болады, оларға өзім айтам, жауабын береді деді. Жарайды деп сол күні күттік. Телефон көтермейді. Вастаптан жазсам: мен жоғарыда отырмын, жиналыстан кейін жауап берем, деді. Бірақ әлі жауап жоқ», – дейді. Қоянды ауылының әкімі Айбек Есеев телеарна хабарласқан соң, қаңғыбас иттер мәселесі ауылда шешімі қиын проблема екенін айтқан.