Шектеуі бар адамдарды үш мемлекеттің шекарасынан өткізумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Шектеуі бар адамдарды үш мемлекеттің шекарасынан өткізумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
© stan.kz
431
оқылды
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің өкілдері үш мемлекеттің шекарасынан адамдарды заңсыз өткізумен айналысып келген қылмыстық топты ұстады, – деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.
"21 қазанда ҰҚК ШҚ Түркістан облысы бойынша департаменті прокуратура органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, шекарадан өтуге шектеуі бар адамдарды Қазақстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырумен айналысқан трансшекаралық қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті", – делінген хабарламада.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесі бойынша қылмыстық топтың белсенді қатысушысы болып табылатын шетелдік азамат заңға қайшы қызметі үшін 700 000 (жеті жүз мың) теңге сомасындағы ақшалай қаражатты алу барысында ұсталды. Шетелдік азаматқа және қылмыстық топтың басқа да мүшелеріне қатысты ҚР ҚК 394-бабы 2-бөлігі (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам қамауға алынды.