"Қызметтен кеткені үшін өтемақы": Айнұр Серғазиеваның "Зерде" холдингіндегі 32 миллион теңгенің жоғалуына қатысы бар ма?

"Қызметтен кеткені үшін өтемақы": Айнұр Серғазиеваның "Зерде" холдингіндегі 32 миллион теңгенің жоғалуына қатысы бар ма?
© tengrinews.kz

Астана қаласының Экономикалық тергеу департаменті Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Айнұр Серғазиеваның "Зерде" холдингіндегі 32 миллион теңгенің жоғалуына қатысы бар-жоғын тексеруде. Холдингпен жасалған келісімшарттарға қол қойған орынбасарлар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің күдігіне ілінген, – деп хабарлайды “Время” порталы.

Бұл орган жеке компаниямен шамамен 350 миллион теңгеге келісімшарт жасаған.  Аудиторлардың айтуынша, шарттағы міндеттемелер орындалмаған. Ал келісімшартқа Марлен Сихаев пен Instagram желісіндегі қымбат әшекейлермен көзге түскен Айнұр Серғазиева қол қойған.

Есеп комитеті 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезінде көптеген кемшіліктер мен заң бұзушылықтарды анықтады. Мемлекеттік аудиторлар бұл жобаға қатысқандар цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің шенеуніктерінен бастап, квазимемлекеттік кәсіпорындарға дейін нашар жұмыс істегенін жеткізді.

Бірақ Арман Әбдірәсілов басқаратын "Зерде" холдингінде "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда жергілікті мамандар жоспарланған шаралардың 13 пайызына ғана қатысқан.

Одан бөлек, холдинг бес жыл ішінде 7 миллиард теңгеге шығынға батқан. Есеп комитетінің қызметкерлері "Зерде" топ-менеджерлерінің 35 миллион теңгеден астам қаржылық заң бұзушылықтарға жол бергенін де анықтады. Оның ішінде Әбдірәсіловтың қарамағындағылар 3,5 миллионын Telegram арналарында жалған материалдар орналастырғаны үшін төлесе, тағы 32 миллион 380 мыңын "Бағдарламалық қамтамасыз ету фабрикасы" ЖШС есепшотына аударған.

Осыған байланысты аудиторлар холдингті таратуды ұсынып, тексеру қорытындысын құқық қорғау органдарына жіберді. Сыбайлас жемқорлықпен күресушілерді қазіргі уақытта бұрынғы төраға орынбасарлары Сихаев пен Серғазиеваның қызметтік міндеттері қызықтырып отыр.

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.