"Егер жеңсе...". Әлімханұлына фантастикалық айқас ұсынылды
"Егер жеңсе...". Әлімханұлына фантастикалық айқас ұсынылды
2,325
оқылды
Екі салмақта чемпион болған америкалық Тимоти Брэдли орта дивизионда WBO титулына ие Жәнібек Әлімханұлына (13-0, 8 КО) жақсы қарсылас болатын боксшыларды атады, деп хабарлайды Vesti.kz. "Фалькао - міне оған қарсылас. Топ-10 тізімдегі боксшы. Неге болмасқа? Фалькао - жеңілмеген, Олимпиада жүлдегері. Осы айқасты неге ұйымдастырмасқа? Оның да ісін Top Rank жүргізеді, ұйымдастыру оңай. Ал егер жеңсе, Юбенкпен шығуға болады. Бұл мұхиттың арғы бетіндегі фантастикалық жекпе-жек болады", - деп береді Брэдлидің сөзін vRINGe.com.