Украинада Қытайдан эвакуацияланған азаматтардың жеткізілуіне наразылық білдірді
Украинада Қытайдан эвакуацияланған азаматтардың жеткізілуіне наразылық білдірді
Фото: Интернеттен алынды
146
оқылды
Ауру ошағынан келгендерді украиналықтар «кіргізбейміз» деп отыр, – деп хабарлайды КТК арнасы. Новые Санжары кентінің тұрғындары Қытайдан эвакуациаланған азаматтардың жеткізілуіне наразылық білдірді. Өйткені коронавирус жайлаған елден әкелінгендер дәл осы өңірге карантинге жатқызылмақ. Украина билігі бүгін Ухань қаласынан 73 адамды эвакуациялады. Оның ішінде жергілікті азаматтармен қатар шетелдіктер де бар. Дәрігерлер оларды аталған кент мағындағы Ішкі істер министрлігінің шипажайында 14 күн бойы тексермек. Бұл жаңалық жергілікті тұрғындардың наразылығын туғызып отыр. Бас көтерген бұқара Қытайдан келгендер карантинге басқа жерге жатқызылсын деген талап қойды.