Сенат отырысының күн тәртібі бекітілді
Сенат отырысының күн тәртібі бекітілді
235
оқылды
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар 2022 жылғы 17 қарашаға жоспарланған Сенат отырысының күн тәртібін талқылады. Алдағы бейсенбіде сенаторлар «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жекеше секторға және экономиканы неғұрлым орнықты қалпына келтіруге негізделген даму саясатын қаржыландыруға арналған қарыз) ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федералдық Кеңесі арасындағы дипломатиялық өкілдіктер, халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілдіктер және консулдық мекемелер қызметкерлерінің отбасы мүшелерінің ақылы еңбек қызметі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобаларын қарайды. «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жекеше секторға және экономиканы неғұрлым орнықты қалпына келтіруге негізделген даму саясатын қаржыландыруға арналған қарыз) ратификациялау туралы» заң жобасының нормаларына сәйкес қарыз қаражаты әлеуметтік-экономикалық дамуға бағытталған шаралар кешенін қаржыландыруға жұмсалады. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федералдық Кеңесі арасындағы дипломатиялық өкілдіктер, халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілдіктер және консулдық мекеме қызметкерлерінің отбасы мүшелерінің ақылы еңбек қызметі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы екі мемлекеттің аумағында дипломатиялық миссиялар қызметкерлері отбасы мүшелерінің ақылы еңбек қызметін жүзеге асыруға байланысты мәселелерді реттеуді көздейді.