Қазақстандағы Қытай елшілігі мен бас консулдығы елге келушілер үшін HS денсаулық кодын алуға қойылатын талаптарды жаңартты. Енді Қазақстаннан Қытайға тікелей рейспен бара жатқан жолаушыларға ұшуға дейін 48 сағат ішінде ел аумағында ресми тіркелген зертханада бір ПТР-тест тапсыру жеткілікті. Уақыт биоматериал алынған сәттен басталады. ПТР тестінің нәтижесі денсаулық кодын алуға өтінімге қалған құжаттармен (паспорттың басты беті және бағыты көрсетілген әуебилеттер) қоса тіркелуі қажет. Кейін Қазақстандағы Қытай елшілігі немесе бас консулдығы «денсаулықтың жасыл кодын» уақытылы береді, оны рейске тіркелу кезінде көрсету қажет. «Жасыл Денсаулық кодын» басып шығарудың қажеті жоқ, мобильді қосымша арқылы көрсету жеткілікті. Қазақстаннан ұшатын және үшінші ел арқылы транзитпен жүретін жолаушылар немесе үшінші елден ұшатын, Қазақстан арқылы Қытайға транзитпен жүретін жолаушылар ПТР-тест тапсырып, транзит немесе жөнелту пункттерінің кез келгенінде жолаушылардың сапар маршрутына сәйкес «жасыл кодты» алуға өтінім бере алады. Таяуда қазақстандықтарға Бейжіңге тікелей рейспен бара алады.