Семей қаласының орталық алаңын абаттандыру жоспарлануда. Желтоқсан айында бос аумақта мұз айдыны, мұз қалашығы, лабиринт, фастфуд пен ыстық сусындары бар павильондар пайда болады.
Мұхамедханов пен Қозбағаров көшелерінің арасындағы алаңда, Абай көшесіне жақын жерде қысқы қоғамдық кеңістік ашылады. Азық-түлік корттары аймағы арқылы мұз қалашығына баруға болады, онда ерекше мұз мүсіндер тұрғызылады. Қолданыстағы субұрқақ кешенінің айналасында мұз айдыны салынады, онда конькилерді жалға алуға болады. Мұнда арнайы тақырыптық жарықтандыру қарастырылады. Театр ғимаратына жақын жерде мұз лабиринті жасалады.
Желтоқсан айының ортасына қарай алаңның қақ ортасында үлкен түрлі түстегі шырша орнатылады.
«Біз қыркүйек айында аспалы көпірдің астындағы қоғамдық кеңістікті ашқанда, мен қысқы қоғамдық кеңістіктер құру жоспарлары туралы айтқан едім. Бұл Семей қаласы және Абай облысының тұрғындары мен қонақтарына таза ауада музыкамен коньки тебуге, мұз қалашықтарында суретке түсуге, жаңажылдық атмосфераға енуге мүмкіндік береді. Әкімдік алдындағы алаң жай ғана бос тұр. Бірақ жақын арада бұл аймақ көрнекі орынға айналады», – деп атап өтті Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев.