Жеті спорт нысаны салынып жатыр
Жеті спорт нысаны салынып жатыр
358
оқылды
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Сайрам тұрғын алабында орналасқан №12 спорт мектебінде бо­лып, қосымша корпустың құ­ры­лыс жұмыстарымен танысты. Кешен ғимараты 3 қабаттан тұрады. Жертөледе пауерлифтинг оқу-жаттығу залы мен ауыр ат­ле­тика оқу-жаттығу залы, киім ауыс­тыру, душ бөлмелері, тренер және инструктор, төрешілер бөлмесі қарастырылған. Бірінші қабатта вестюбиль-фойе, күзетші және киім бөлмесі, 18 орынға арналған асхана, 210 орындық көрермендер трибунасы бар әм­бебап спортзал, киім ауыстыратын және душ бөл­мелері мен тренер, инструктор, тө­решілер бөлмесі, медпункт бо­лады. Ал екінші қа­бат­та холл, де­малыс орны, бокс, күрес, бадмин­тон спорт түрлері­нен оқу-жаттығу залдары қарас­тырылған.
Нысан 2 ауысымда жұмыс атқарады деп күтіліп отыр. 1 ауы­сымда 147 адам оқу-жаттығумен айналыса алады. Одан соң мұнда 252 спортшы сиятын түрлі спорт­тық жарыстар өткізуге мүмкіндік жасалмақ. Спорт мектебі келер жылы пайдалануға беріледі. Сала мамандары мен мердігер мекемеге құрылыс жұмыстарын жылдам­датуды тапсырған шаһар басшы­сы «құрылыс сапасына да баса мән беруіміз керек», – деді.
Айта кетейік, биыл Шымкент қаласында бюджет есебінен – 3, жеке инвесторлар арқылы – 4 спорт нысанының құрылыс жұ­мыстары жүріп жатыр. Оның бірі – «Металлург» стадионын ре­конс­трукциялау» жұмыстары. 2020 жылы басталған құрылыс жұмыстары 2023 жылға өтпелі. Кон­курстық құны 3 813 512,0 мың теңге болған стадионды қайта жаң­ғырту шараларына биыл бө­лінген 1 793 128,0 мың теңгенің қа­зір басым бөлігі игеріліп қой­ған. Келер жылға 293 311.0 мың теңге қарастырылған. Осы­лайша құрылысты жүргізіп жат­қан мердігер компания «Югстрой­сервис-Н» ЖШС-і жаңа «Ме­таллург» стадионын спортшыларға келер жылы ұсынады. Бүгінде спортшылар үйі­нің құрылысы 100 пайыз аяқ­талған десе де болады. Қазір жар­тысы біткен ойын түрлеріне ар­налған үлкен спорт залдың қаң­қасы тұрғызылып, қабырғаларын қалау жұмыстары жүріп жатыр. Әкімшілік ғимараттың ішкі әрлеу жұмыстары ғана қалған. Одан кейін 1 500 адамға арналған кө­рер­мендер трубинасының, фут­бол алаңының дренаж жұмыс­тары мен жылу жүйесін тарту ша­рала­рының азғана шаруалары қалған. спорт нысаны Үшінші мегаполистегі Бо­зарық-3 шағын ауданында №20 спорт мектебі салынып жатыр. Құрылысы 2022 жылдың наурыз айында басталған мектепті «Oser-A Group» ЖШС-і тұрғызуда. Құрылыстың конкурстық құны: 673 440,0 мың теңгені құрайды. 2022 жылға монтаж жұмыстарына 100 000,0 мың теңге бөлініп, 95 822,0 мың теңге игерілген. Нысан құрылысы 2023 жылға өтпелі. Қазір жер жұмыстары, іргетасын құю шаралары, 1 қабат қа­бырғаларын кірпішпен өру жұ­мыс­тары толық аяқталған. 2-қа­баттың қабырғалары кірпішпен қалануда. Шымкентте құрылысы жүрген тағы бір спорт нысаны – Үстел тен­нисінің ғимараты. «Отау Строй» компаниясының есебінен жүргізілген спорт нысаны бүгінде толық бітіп тұр. Құжаттарын заң­дастыру жұмыстары біткен соң пайдалануға береді. Ал, қазір құрылысы жүріп жатқан заманауи, барлық талапқа сай салынған Жаңа ипподром жыл соңына дейін ел игілігіне ұсынылып қа­лады. Шымшаһардағы Орынбаев, Ғ.Ильяев көшелерінің қиылы­сында орналасқан SPORT LIFE футбол орталығының құрылысы да таяу күндері аяқталмақ. Ны­санда қарастырылған 4 футбол ангарының қаңқасы тұрғызылып, сыртқы қаптау жұмыстары аяқ­талған. Ангар ішіне қажетті жаб­дықтар орнатылған. Қазір қосымша ғимарат қабыр­ғалары қаланып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Ал, Еңбекші ауданындағы TURAN ГХА спорт нысаны пай­да­­лануға берілді. Бүгінде ол ай­мақтың спортсүйер жастары алысқа бармай-ақ жаңа ғимаратты пайдаланып жүр. Осынау шаралардың барлығы да Мемлекет басшысының бұ­қаралық спортты дамыту жөнiн­дегi тапсырмасы аясында жүргі­зі­ліп жатқан игі жұмыстар. Шым­кент қаласының билігі бұл салаға ерекше ден қойған.

Н.САЙЛАУҚЫЗЫ, Шымкент қаласы