Турнир жеңімпаздары анықталды
Турнир жеңімпаздары анықталды
340
оқылды
Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» ЖРО» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен Астана қала­сы «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппараты «NS Жас Жігер» жобасы аясында волейбол турнирін ұйым­дас­тырды. Тартысқа толы бәсекенің шешуші кезеңі елор­дадағы М.Өтемісов атындағы оқушылар сарайында өтіп, жүлделі команда анықталды. Есте болса, биыл қала әкімдігі «Астана жастары» ЖРО-мен бір­лесіп NEET санатындағы жас­тар­ды әлеуметтендіру және жан-жақ­ты қолдау үшін «NS Жас жі­гер» жобасын бастаған болатын. Жоба NEET санатындағы жас­тар­ды одан әрі жұмысқа орна­ластыру, әлеуметтендіру және дамыту үшін мемлекеттік бағдар­ламаларды түсіндіруге бағыттал­ған. Осы жұмыс аясында белгілі спортшылардың қатысуымен спорттық турнирлер ұйымдас­тыру, танымал тұлғаларды, әлеу­меттанушылар мен психологтерді жұмылдыру арқылы түсіндіру жұмыстарын өткізу, NEET сана­тындағы жастардың мәдени-ойын-сауық орталықтарына тегін бару секілді іс-шараларды қолға алу жоспарланған болатын. Статистикалық мәліметтерге сенсек, қазір шаһарда 223 мың жас­тың 7 пайызы – NEET сана­тындағы жастар. Бұл 15 мыңға жуық адамды құрайды. Сол үшін әкімдік «NS Жас Жігер» жобасы аясында спорттық іс-шаралар және NEET санатындағы жастар арасында баскетбол, волейбол және футбол бойынша турнирлер ұйымдастырудың маңыздылығын ескеріп отыр. Оның бірі – елор­дадағы 27 базар қызметкерлерінің қатысуымен өткен футбол тур­нирі. Ұйымдастырушылар тур­нирді қолға алмас бұрын алдымен зерттеу жұмыстары жүргізілген екен. Ол үшін арнайы топ жарыс алдында базарларды аралап Ұлжан, Көктал, Сәлем, Эталон, Астаналық базар, Самғау, Орта­лық базар, Алаш, Шанхай, Әмір секілді бірнеше базарға бас сұқ­қан. Осылайша, жоба үйлес­ті­рушілері футбол турниріне қа­тысатын командаларды анықтап, тартыс бәсекені ұйымдастыруды қолға алған. турнир Өткен аптаның соңында жоба аясында қолға алынған волейбол турнирінің жартылай финалдық және финалдық ойындары тар­тысты өтті. Жарысқа базарларда жұмыс істейтін жастар мен жұ­мыссыз жастардың өкілдері қа­тысып, бірінші орын жүлдегер­лерінің есімі анықталды. Жоба мақ­саты да сол, жастарды әлеу­меттендіру және дамыту. Осы ар­қылы NEET санатындағы адам­дарды қолдауға басымдық беріледі. Салтанатты марапаттауға Астана қаласы әкімдігінің «Ас­тана жастары» ЖРО» комму­нал­дық мемлекеттік мекемесі бас­шысының орынбасары – Руслан Қонақбаев, Астана қаласы мәс­лихатының жетінші сайла­ны­мының депутаты Бақдәулет Жан­ділдаев, қазақ батыры, төрт дүр­кін әлем рекордшысы, Гиннес кітабының рекордшысы және Қазақстанның алты дүркін ре­кордшысы Сергей Цырульников, қазақ батыры, мас-рестлингтен әлем чемпионатының күміс жүл­дегері Темір Сыпатаев, Street Workout Kazakhstan негізін қа­лаушы Айтым Жакупов қатысып, жеңімпаздарды құттықтады.
Турнирге қатысуға шақырту алған қала тұрғыны Дулат Дархан жарыс жолына шыққанына қуа­нышты екенін жеткізді. Базарда жұмыс істейтін ол әкімдіктің осындай турнир ұйымдас­тыр­ғанына алғысын білдірді. Ал қа­тысушылардың бірі Николай Назаренко: «Турнирге қатысқа­ныма өте қуаныштымын. Егер мамандық болмаса, қоғамда табысты қызметке орналасу қиын екені рас. Алайда осындай жа­рысқа қатысу арқылы өзімді үлкен және қызықты дүниенің бір бөлігі ретінде сезіндім, осы үшін турнир ұйымдасты­ру­шы­ларына алғысым шексіз», – деді.
Жарыс соңында волейбол турнирінің жеңімпаздарына ма­рапатты Гиннестің рекордтар кітабына енген және төрт дүркін әлем рекордшысы Сергей Цы­рульников, қоян-қолтық ұрыстан спорт шебері Темір Спатаев және Street Workout Kazakhstan негізін қалаушы Айтым Жақыпов салта­натты түрде тапсырды. Әділқа­зылар алқасының шешімі бо­йынша 4-орын «Ұлжан», 3-орын «Олжа», 2-орын «Орталық» то­бына табысталса, 1-орынды «Дос­тық» командасы жеңіп алды. Сондай-ақ турнир қорытындысы бойынша 40 адам ақшалай сый­лықпен және сертификатпен ма­рапатталды.