Маңғыстауда жантүршігерлік жол апаты болды – видео
Маңғыстауда жантүршігерлік жол апаты болды – видео
Фото: POLISIA.KZ
410
оқылды
Маңғыстау облысында жол апаты болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Кеше сағат 21.45 шамасында 102 кезекші пультіне Мұнайлы ауданы Атамекен ауылында жол-көлік оқиғасы туралы шақырту түсті. Polisia.kz-тің мәліметінше, апат салдарынан бір көлік өртеніп кетті. Екі адам қаза тапты. Қазір өрт толықтай сөндірілді. Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Бұл факт ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің СДТБТ-да тіркелді.