Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова сотталды
Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова сотталды
Фото: esquire.kz
800
оқылды
Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот үкімі шықты. Бүгін Атырау олысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты сот отырысы өтті. Сот оны Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлімінің 2-тармағымен (Ірі көлемде пара алу) кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Сонымен қатар Бақытгүл Хаменова «Құрмет» орденінен айырылды. 31 қазан күні  Хаменованың ісі бойынша Атыраудың №2 сотында тараптарды тыңдау өтті. Прокурорлар экс-шенеунікті жеті жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. «Мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, жеті жылға бас бостандығынан айыру тағайындалсын. Мерзімі орташа қауіпсіздік мекемесінде өтелсін. Сондай-ақ, Хаменова "Құрмет" орденінен айырылсын. Сотталушының кәмелетке толмаған баласы болуына байланысты жазаны үш жылға дейін шегеруді сұраймын», – деген болатын прокурор Лаура Асанова. Бұған дейін Бақытгүл Хаменова ісінің тергелу барысы туралы жазған болатынбыз.