Жерасты цехта 10 тоннаға жуық алтын кенін заңсыз өңдегендер ұсталды
Жерасты цехта 10 тоннаға жуық алтын кенін заңсыз өңдегендер ұсталды
Фото: polisia.kz
271
оқылды
Жамбыл облысында заңсыз алтын өңдейтін жерасты цех анықталды. Polisia.kz-тің дерегінше, «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Мойынқұм ауданының полицейлері құрамында бағалы металдар бар шикізатты, тастарды заңсыз өңдеумен айналысатын жерасты цехының қызметін тоқтатты. Жеке тұрғын үйді тексеру кезінде электрлік ұнтақтау диірмені, ұнтақталған кеннің қалдықтары, елек, магнит, тас таситын арба мен күректер, сынапты сұйықтық, екі үлкен қазандық және 10 тоннаға жуық алтын кені табылды. Қоймада 30 және 58 жастағы екі жұмысшы болды. Ұсталғандардың айтуынша, олар ақылы түрде жұмыс істеген.   https://youtu.be/xyysvuEwlcc Полицейлер цехтың қожайыны, 37 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Осы дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 295-1-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Мемлекетке келтірілген залал көлемі анықталып жатыр. Бұған дейін Абай облысында шетелдіктер заңсыз алтын өндіргені туралы жазған болатынбыз.