Тоқаевтың жақтастары Маңғыстауда сайлаушылармен кездесті
Тоқаевтың жақтастары Маңғыстауда сайлаушылармен кездесті
356
оқылды
Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының сайлаушылармен кездесуі Маңғыстау облысында жалғасты. «Zhamal-ai LTD» арнайы киім және аяқкиім өндіретін фабрикаға барған Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары кәсіпорын ұжымына кандидаттың сайлауалды бағдарламасында көрсетілген бизнесті қолдау шаралары туралы айтып берді.    width=
«Президент сайлауы – мемлекетіміздің одан әрі даму бағытын айқындайтын маңызды қадам. 20 қарашада қазақстандықтар сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасау арқылы саяси мәдениеттің жоғары деңгейін көрсетуі маңызды», – деді РҚШ мүшесі, Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева.
Бұдан соң штаб мүшелері өңір жұртшылығымен сайлауалды бағдарламадағы аймақтық көлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту бөліміндегі негізгі бағыттарды талқылады.    width=   IT мамандармен кездесуде РҚШ мүшелері сайлауалды бағдарламаның цифрландыруға арналған бөліміне баса назар аударды.  width= Сонымен қатар  «ҚМГ Инжиниринг» алаңында РҚШ мүшелері өңірдің мұнайшыларымен кездесіп, оларға сайлауалды бағдарламада көзделген қауіпсіз еңбек ортасын құру және жұмысшылардың  құқығын қорғау жөніндегі шаралар туралы айтып берді.    width= Қалалық ипподромда штаб мүшелерінің спорт өкілдерімен және жергілікті «Көкмойнақ» командасының шабандоздарымен кездесуі өтті. Жүздесу барысында кандидаттың кәсіби және ұлттық спорт түрлерін дамытудағы, салауатты өмір салтын насихаттаудағы басымдықтары талқыланды.