Көкшетауда аялдаманы соққан ер адам көлігімен бірге өртеніп кетті  
Көкшетауда аялдаманы соққан ер адам көлігімен бірге өртеніп кетті  
428
оқылды
Көкшетауда өртеніп кеткен автокөліктен ер адамның мәйіті табылды. Қазір  марқұмның кім екенін анықтап жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. Оқыс оқиға бүгін таңертең болған. Таңғы сағат 05.53-те Көкшетау қалалық Полиция басқармасының жедел басқару орталығына телефон шалған адам Әуезов-Подгорная көшелерінің қиылысында автобус аялдамасына соққан «Мерседес – ML-320» маркалы автокөліктің өртеніп жатқанын хабарлаған.
«Оқиға орнына дереу жедел тергеу тобы аттанды. Өрт сөндіру кезінде түгелдей өртеніп кеткен ер адамның мәйіті табылды. Полиция басқармасымен аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы  3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», – дейді Ақмола облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.
 width=  width= Қазір қаза болған ер адамның кім екені анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

Ақмола облысы