Өте қауіпті және ең үлкен астероид табылды
Өте қауіпті және ең үлкен астероид табылды
Халықаралық астрономдар тобы соңғы 8 жылдағы ең үлкен және өте қауіпті астероидты тапты. The Astronomical Journal-да жарияланған зерттеу қорытындысы туралы Aikyn.kz хабарлайды. [caption id="attachment_227380" align="aligncenter" width="1913"]Рисунок2 Астероидтарды байқау қиынға түскен. Өйткені, олар Жер мен Венера арасындағы орбитада орналасқандықтан оларды көруге Күн сәулесінің жарығы кедергі болған. Getty Images агенттігінен алынды[/caption] Чилидегі Cerro Tololo Америка-аралық обсерваториясында 4-метрлік Виктор Бланко телескопында орналасқан Dark Energy Camera (DECam) көмегімен NOIRLab бағдарламасы аясында Жерге жақын орналасқан үш астероид тіркелді.
Бұл үшеуді байқау қиынға түскен. Өйткені, олар Жер мен Венера арасындағы орбитада орналасқандықтан оларды көруге күн сәулесінің жарығы кедергі келтірген.
Алғашқы тіркелген дене – 2022 AP7 деп аталды. Оның ені 1,5 шақырым және қозғалыс орбитасы бойынша Жермен кездесуі әбден мүмкін. 2021 LJ4 және 2021 PH27 деп аталатын тағы екі нысан Жерге қауіп төндірмейді.
2021 PH27 ғалымдарды ерекше қызықтырады. Себебі ол — Күнге ең жақын орналасқан астероид.
[caption id="attachment_227381" align="aligncenter" width="1200"]Рисунок3 2021 PH27 ғалымдарды ерекше қызықтырады. Себебі ол — Күнге ең жақын орналасқан астероид. Getty Images агенттігінен алынды[/caption]
Астероидтарды бақылау аспан денелерінің ықтимал қауіптілігін есептеумен қатар, Күн жүйесіндегі шағын денелердің қозғалысын таралуын, Күн мен гравитацияның олардың бөлшектенуіне әсерін түсіну үшін қажет.
2022 жылдың қазан айында мамандар тобы Жерге жақын орналасқан әйгілі Рюгу астероидінің сирек кездесетін C1 тобымен ұқсас ерекшеліктері бар екенін байқады. Ғалымдар Рюгу бұл нысандардың негізгі органы болуы мүмкін деп болжайды.