Шымкентте қызды күштеп алып қашқандардың әрекеті видеоға түсіп қалды
Шымкентте қызды күштеп алып қашқандардың әрекеті видеоға түсіп қалды
1,147
оқылды
Әлеуметтік желіде көлікке қызды күштеп салып, алып қашқан жігіттердің видеосы тарады. Желі белсендісінің жазуынша, оқиға Шымкент қаласындағы жатақханалардың бірінің алдында болған.
«Аталған оқиға ҚР ҚК-нің 125-бабымен «адам ұрлау» тіркелді. Полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, бейнежазбада көрсетілген тұлғаларды анықтады. Жауап алу барысында Түркістан облысының тұрғыны Шымкент қаласындағы оқу орындарының бірінде білім алып жүрген таныс қызды үйлену мақсатында ұрлап кеткені анықталды. Қыз некеден бас тартқанын және болған жайтқа қатысты ешкімге ешқандай шағымы жоқ екенін жеткізді. Қазір тергеп-тексеру жүргізілуде»,   делінген Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Ал  видеоға пікір жазушылардың бір бөлігі екі жасқа бақыт тілесе, кей пікір білдірушілер жігіттердің соттау керегін айтқан. «Жабайылық, надандық, оңбаған адамдар жасайтын тірлік», «Заңға өзгеріс енгізбей еш нәрсе өзгермейтін сияқты» деп пікір білдіргендер бар.