Соғысты аяқтайтын уақыт келді – Зеленский

Зеленский
© AP Photo / Ukrainian Presidential Press Office

Украина президенті Владимир Зеленский Балидегі G20 саммитінде Ресейдің Украинаға қарсы жойқын соғысын тоқтатуға шақырды, –  деп хабарлайды AFP.

«Мен қазір Ресейдің жойқын соғысын тоқтатуға болатын уақыт келді деп ойлаймын», –  деді Зеленский.

Ол өзінің үндеуінде «барлығы үшін» формуласы бойынша Ресеймен тұтқындарды алмасуды ұсынды.

Бұған дейін БАҚ G20 елдерінің көпшілік өкілі соңғы күндері жиналып, Ресейдің Украинаға қарсы соғысын айыптаған еді.

Айта кетейік, Индонезияның Бали аралында Үлкен жиырмалық елдері көшбасшыларының кездесуі өтіп жатыр.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.