Атырауда оқушылар зағиптарға арналған көзілдірік жасап шығарды
Атырауда оқушылар зағиптарға арналған көзілдірік жасап шығарды
Жас ғалымдар – Абай орталығы жанындағы JasSpace кеңістігінде STEAM бағытта білім алып жатқан оқушылар. Аrduino курсында екі ай оқып, микрочип құрылымдары туралы терең білім алған оқушылар «ақылды көзілдіріктің» көру қабілеті нашар адамдарға көмекші құрал бола алатынына сенімді. Жоба жасаушы оқушылар Рахима мен Аруана Тулегеновалардың айтуынша, көзілдірікті киген адам құралдың нұсқауымен қозғала алады.
«Яғни, адам алдында кедергі болған жағдайда, көзілдірік дыбыс шығарады. Сол арқылы  адам кедергіге соқтығыспай, оны айналып өте алады», – дейді жас ғалымдар.
​Аrduino курсында білім алған оқушылардың тағы бір тобы робот машина жобасын жасап шығарды. Жоба жасаушылардың қатарында Нұрдаулет Марат пен Саид Тюякпаев бар. Робот машина кедергілерді анықтауға және кедергілерді айналып өте алады.    width=
«Бұл машина кедергілерді автоматты түрде анықтайды. Сол арқылы соқтығысу қаупін азайтады. Мұндай «қабілеті» бар машина жол апаттарын азайтуға үлес қоса алады», – дейді Нұрдәулет пен Саид.
«JasSpace кеңістігі оқушыларға білім берумен ғана шектелмейді, бұл жерде балалар түрлі жобаларды жүзеге асыруда. Оның ішінде оқушының қиялынан шыққан түрлі роботтар да бар. Қызым Асылым Ізғалидың осы кеңістікте тегін білім алып жатқанына қуаныштымын», – дейді ата-ана Алтыншаш Құрмашева.    width= Еске сала кетейік, өткен жұма, 11 қараша күні JasSpace кеңістігіндегі STEAM курстардың ІІ легін 255 оқушы ​ аяқтап шықты. 7-11-сынып оқушыларына арналған тегін курстарда жаз мезгілінен бері 600-ден астам оқушы білім алды. Қазір   кеңістік оқушыларға «Анатомия», «Химия», «Видеография», Аrduino, «Ағашпен жұмыс», «3Д модельдеу және басып шығару», «Инженерияға кіріспе», «Ауызекі ағылшын», «Техникалық ағылшын» курстарын ұсынып жатыр.

​Баян ЖАНҰЗАҚОВА