2023 жылы кімдердің жалақысы өсетіні белгілі болды
2023 жылы кімдердің жалақысы өсетіні белгілі болды
Фото: kaz.nur.kz
1,008
оқылды
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин 2023 жылы жас өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жалақысы айтарлықтай өсетінін айтты, –  деп хабарлады Halyq Uni. Оның айтуынша, осыдан 3 жыл бұрын жалақыны арттыру мәселесі көтерілгенде министрлік қызметкерлері 65 мың теңге алған.
"Қазір қызметке келген қызметкердің ең төменгі лауазымдық жалақысы шамамен 110 мың теңге", –  деді Юрий Ильин Үкімет отырысынан соң.
Ол  жас қызметкерлердің жалақысы келесі жылы айтарлықтай өсетінін осы орайда атап өтті.
"2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақыны 10%-дан 70%-ға дейін арттыру көзделіп отыр. 70% дегенде, бұл – қызметті енді бастаған қатардағы құрамның жалақысы максималды өседі деген сөз. Ал 10% дегенде, басшы құрам туралы айтып тұрмын. Олар – өрт сөндіру қызметінің, төтенше жағдайлар қызметінің басшылары", –  деді министр.