Оқушы қыздарды алдап, жалаңаш суреттерін желіге салған ер адам ұсталды
Оқушы қыздарды алдап, жалаңаш суреттерін желіге салған ер адам ұсталды
436
оқылды
«Тикток» әлеуметтік желісінде 7-10 жас арасындағы қыздармен хат алмасып, жалаңаш суреттерін сұраған педофил ұсталды. Бұл туралы Алматы қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Аталған факті бойынша Ақтөбе облысының 27 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды, ол телефон арқылы хат алмасу кезінде балалардан жалаңаш суреттерін жіберуін сұрап, ақша төлейтінін айтқан. Оның үстіне бұл жайт турасында ата-аналарына жақ ашпауды өтінген. Сонымен қатар, ол аталған фото суреттерді шетелдік әлеуметтік желілерге орналастырған", – деп хабарлады прокуратурадан.
Қылмыскер сыйақы үшін балалардан жалаңаш суреттерін жіберуді сұраған және ол туралы ата-аналарына айтпауды өтінген. Алынған фото суреттерді шетелдік әлеуметтік желілерге салған.
«Күдіктінің іс-әрекеті ҚР ҚК-нің 312-бабының 3-бөлігі 2-тармағы - кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарын дайындағаны және айналымға салғаны анықталды. Күдікті ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Оған 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы төніп тұр. Іс бойынша процессуалды прокурор тағайындалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», - деп хабарлады прокуратура.
Аталған оқиғаға байланысты Алматы қаласының прокуратурасы ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауды сұрады. Себебі, аталған қылмыс балалардың әлеуметтік желілерді бақылаусыз пайдалануынан болғанын хабарлады прокуратурада.