Ақмола облысында көлік аялдамаға соғылды: жүргізуші жанып кетті
Ақмола облысында көлік аялдамаға соғылды: жүргізуші жанып кетті
293
оқылды
Ақмолалық полицейлер өртеніп кеткен көліктен табылған ер адамның кім екенін анықтауда.
"15 қарашада таңғы сағат 05.53-те УЕ Көкшетау қаласының жедел басқару орталығына Әуезов-Подгорная көшелерінің қиылысында "Мерседес-МЛ-320" автокөлігі өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Көлік аялдамаға соқтығысқан", - деді Ақмола облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы келді. Өртті сөндіру кезінде көліктің ішінен ер адамның күйген денесі табылды. Полиция департаменті аталған факті бойынша ҚР ҚК 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.