«Зере» фильмі жүлделі орын алды
«Зере» фильмі жүлделі орын алды
«Зере» фильмі «Ліс­та­пад» кинофестивалінде жүлделі орынға ие бол­ды. Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудия­сының хабарлауынша, халық­аралық Минск кинофестивалі­нде компо­зи­тор Дана Зулпыхар «Зере» фильміндегі жұмысы үшін үздік дыбыстық (музыка­лық) шешім аталымында жеңіс­ке жетті. «Лістапад» – Беларусьтегі кино саласының ең ірі фести­вальдерінің бірі. Биыл фестиваль 4-11 қараша аралығында өтті. Оған отандық режиссер Дәурен Қамышбаевтың «Зере» толық­метражды картинасы қатысты. «Зере» фильмі «Қазақфильм» киностудиясы, Qara Production, Libertus Film, cinema D және Жамбыл облыстық кино орта­лығының қолдауымен түсірілді. Айталық, «Зере» – қазақы көрерменге жақын сюжеті бар драма. Сценарий бойынша, әйел күйеуінің қайғылы қазасы­нан кейін қызын ауылдағы ең бай және ықпалды адамға әйел ретінде сатуға бел байлайды. Ары қарай сюжет анасының шешіміне қарсы шыққан бос­тан­дықты сүйетін қыз туралы өрбиді. Артынша, Зере тәкаппар Талап есімді балықшы жігітке ғашық болып, жасырын үйлену үшін бірге қашып кетеді. Кинокартинада басты рөлді Адина Бажан, Санұржан Сүлей­менов, Мұрат Бисембин, Берік Айтжанов, Ольга Ландина, Ел­жас Рахим және басқа да актер­лер сомдады. Фильмнің түсі­рілімі Балқаш көлінің ма­ңын­да, Мойынқұм құмдарының фо­нын­да орналасқан Тайсойған балық аулау аралында өтті. Сондай-ақ қыркүйек айы­ның соңында Мәскеудегі «Ки­но­шок» фестивалінің толық­метражды фильмдер байқауында «Зере» фильмі Үздік музыка но­­ми­­нациясын жеңіп алған еді.

Айбике ЖАНАСЫЛ