Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин 2023 жылы жас өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жалақысы айтарлықтай өсетінін мәлімдеді. Оның айтуынша, осыдан 3 жыл бұрын жалақыны арттыру мәселесі көтерілгенде, министрлік қызметкерлері бар болғаны 65 мың теңге алған.
«Қазір жаңадан қызметке келген адамның ең төменгі лауазымдық жалақысы шамамен 110 мың теңге», – деді ведомство басшысы.Ол жас қызметкерлердің жалақысы келесі жылы айтарлықтай өсетінін атап өтті. Келер жылы 1 қаңтардан бастап жалақыны 10 пайыздан 70 пайызға дейін арттыру көзделіп отыр. Қызметті енді бастаған қатардағы құрамның жалақысы максималды түрде өседі. Ал басшы құрамға 10 пайыз қосылады. Атап айтқанда, өрт сөндіру қызметінің, төтенше жағдайлар қызметінің басшылары осы санатқа енгізіледі.