Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел тұрып, бұрқасын соғады
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел тұрып, бұрқасын соғады
© aqmolanews.kz
198
оқылды
Синоптиктер 16 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.
«Қазақстанның басым аумағы әлі де атлантикалық циклон ықпалында болатындықтан, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында қар, еліміздің оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады», – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, жел күшейеді. Астанада көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде қар жауады, бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз – 4-6 градус, күндіз одан әрі төмендейді. Алматыда ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, таңертең және күндіз тұман түседі. Батыстан соғатын жел секундына 5-10 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз +1+3 градус болады. Шымкентте күн бұлтты, таңертең және күндіз қатты жауын-шашын болады (жаңбыр, қар). Кейде тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан 8-13, екпіні 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде және күндіз +1+3 градус болуы мүмкін.