Қазақстанның Ұлттық банкі 16 қарашаға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, – деп хабарлайды Azattyq Ruhy. Бүгін, яғни сәрсенбіде доллар бағамы аздап көтеріліп, 460,99 теңге болды. Айта кетейік, сейсенбі күні америкалық валюта 459,74 теңге болған еді. Ресей рублінің ресми бағамы 7,64 теңге болды. Kurs.kz сайтының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8:00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 463 теңгеден сатып алынып, 468 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында орташа есеппен 463 теңгеден сатып алынып, 465 теңгеден сатылып жатыр. Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:
USD / KZT – 460,99 (АҚШ доллары) EUR / KZT – 479,43 (еуро) RUB / KZT – 7,64 (ресейлік рубль) TRY / KZT – 24,77 (түрік лирасы) CNY / KZT – 65,49 (қытай юані) KGS / KZT – 5,46 (қырғыз сомы) UZS / KZT – 4,13 (өзбек сомы).